jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Төбелес шығарған автобус жүргізушілері жазаланды (видео)

13 тамыз, 18:00
1498

Төбелес шығарған автобус жүргізушілері жазаланды (видео)

Бүгін Шымкент қаласында сағат 8:50 шамасында Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аялдамада №93 және №19 маршруттық автобустардың жүргізушілері жолды бөле алмай тоқтап, қозғалысқа кедергі жасаған, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұдан кейін жолаушылардың алдында төбелесіп қалған. Бірнеше минуттан кейін жүргізушілер тынышталып, кетуді ұйғарған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл оқиғаға дереу әрекет етіп, шара қабылдады. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ернар Қошанов 2 сағат ішінде жүргізушілерді анықтап, тірек пунктіне жеткізді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.

ҚазАқпарат

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!