jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Арыс тұрғыны өз үйін бұзып тастады (видео)

13 тамыз 2019, 17:01
436

Арыс тұрғыны өз үйін бұзып тастады (видео)

Арыс тұрғыны мемлекеттік өтемақы алу үшін өз үйін қиратқан. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

 

Бұған дәлел ретінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде видео жүктеді. «Ашкөздік не істетпейді. Арыс қаласының тұрғыны бір түнде өз үйін балтамен және ломмен қиратқан, мекенжайы Төле би, 183. Бірінші видеоны құрылысшылар түсірген, ол кезде үй иесі олардың үйді жөндеп берейік деген ұсынысынан бас тартқан. Ол жарылыстардан келген зақымды асыра айтып, үйді сүріп тастауды талап еткен. (…) Келесі күні (екінші видео) үйдің жағдайы басқаша болған», — деп жазды Қалқаманов.

Оның айтуынша, ер адамның көршісіне кірпіштен үй салынған, себебі жарылыстан үйі түгелдей қирап қалған. «Саналы түрде өз мүлкін қирату — сұмдық», — деп жазды баспасөз хатшысы.

Бүгін, 14:47
59-шы баппен жазаланғандар қашан ақталады?
Бүгін, 14:09
Қисық айна
29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
Серіктестер жаңалықтары