jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ұялы телефонын қуаттаймын деп көз жұмды

16 шiлде, 11:12
294

Ұялы телефонын қуаттаймын деп көз жұмды

Шымкентте ұялы телефонын қуаттамақ болған азамат көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілдеде сағат 02:30-да жеке тұрғын үйде 1996 жылы туған азаматтың көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында оның ұялы телефонын қуаттау кезінде ток ұрып, көз жұмғаны анықталды. «Телефон тогының иісі жоқ, түсі болмайды, дыбыс шығармайды. Сондықтан бұл жағдайға аса абай болу керек. Электр тоғы ұрған кезде зардап шеккен өзіне көмек көрсету қабілеттілігі жоқтығынан қаупі ұлғаяды. Тоқтың әсері адамға ұзаққа созылған сайын, оқиғаның өліммен аяқталуы ықтимал»,- делінген ескерту хабарламада. Айта кетейік, өткен жылы қалада осындай жағдаймен 4 адам көз жұмған еді. Оның ішінде екеуі 2004 және 2009 жылы туған балалар бар.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы