jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстан халқының саны бір жылда 236 мың адамға өсті

16 шiлде, 11:49
23

Қазақстан халқының саны бір жылда 236 мың адамға өсті

Қазақстанда халық саны 2019 жылғы 1 маусымда 18 млн 489,7 мың адамды құрады. Былтырғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 767,6 мың адамға жеткен. Қалалықтар Қазақстан халқының 58,2%-ын құрайды. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам, яғни республика халқының 41,8%-ы тұрады. Биылғы қаңтар-мамыр айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 459 сәби шетінеген (былтырғы көрсеткіш 1 366). Ал нәресте кезінде шетінеу коэффициенті әр 1000 нәрестеге 9,04-тен тура келген. Нәрестелердің шетінеуінің басты себебі жүктілік кезіндегі ауру-сырқау болып отыр. Соның салдарынан биылғы бес айда 772 нәресте көз жұмған. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға қысқарып, кеткендер саны 19,8% өскен.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...