jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тоқаев: мораторийдің аяқталуына байланысты түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз

15 шiлде, 13:18
962

Тоқаев: мораторийдің аяқталуына байланысты түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрлігінің жерді ұтымды пайдалану мәселелеріне мониторинг жүргізіп жатқанын айтты. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Нормативтік және іс жүзінде ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жүргізілетін бақылауды күшейту қажет. Жер сонда жұмыс істейтіндердікі болуы тиіс», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі жерді ұтымды пайдалану мониторингіне кірісті.

«Бұл жұмысты қисынды аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің жекелеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тыйым салу және жалға беру нормаларына мораторийдің аяқталуына байланысты бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдауға тиіспіз. Шетелдіктерге келетін болсақ, жер оларға сатылмайды», — деді президент.

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар