jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Президент баспана мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды

15 шiлде, 11:54
23

Президент баспана мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды
Үкімет еліміздегі баспана мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

 ҚазАқпарат жазғандай,  «Жалпы, тұрғын үй проблемасын сіздер тұрақты бақылауда ұстауларыңыз керек. Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет. Соңғы кездері бұл жағдай қаншалықты ушыққанын көріп отырсыздар. Оны қалай шешу бойынша ұсыныстар беріңіздер», — деді Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярға қарата айтқан сөзінде. Осы орайда, аталған саладағы проблеманы шешу Үкіметтің оңтайлы қадамдарына байланысты екенін қадап айтты. «Сіздердің министрліктеріңіз көппрофильді, ведомство бірқатар мәселелермен айналысады. ТпРЕЗұрғын үй проблемасына үнемі назар аударып отыру керек», — деді Қ.Тоқаев.

Бүгін, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар