jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Президент әкімдерді князьдармен салыстырды

15 шiлде, 13:30
46

Президент әкімдерді князьдармен салыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің инвесторлар мен жеке кәсіпкерлерге деген менменсіген қарым-қатынасы үшін сынға алды.

«Инвестицияларды тарту тұрғысынан бізді әлемде өте үлкен бәсекелестік күтіп тұр. Біз «шаң» жуытпастай болуымыз керек. Позицияны беруге мүлдем жол берілмейді. Үнемі алға жылжу керек, ал қалғаны келіссөздер. Инвестиция тартылуы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. «Мен әкімдерге үндеу жолдап отырмын. Сіздер инвестиция тартумен айналысуларыңыз керек. Кейде кәсіпкерлер мен инвесторлар делегациясын қалай қабылдайтындарыңызды көремін. Бұл ешқайда жарамайды! Үстел төріне шығып аласыз, оларды екі, үш, төрт метр қашықтықта орналастырыңыз. Өзіңізді қандай да бір князьдердің басшылары ретінде санайсыз. Инвестиция тарту сізге емес оларға керек сияқты», — деді ол. Президент инвестиция тарту үшін басқа елдерге барған Сингапурдың премьер-министрін мысал етті. «Ли Куан Ю өте табысты мемлекеттің премьер-министрі бола отырып, ол үнемі АҚШ-қа да, басқа мемлекеттерге де барды. Және инвесторларды шақырды. Сіз шамамен осылай жұмыс істеуіңіз керек, өзіңізді керемет бір тұлға ретінде көрсетпей… Бұл сізге жараспайды. . Әрине жағымпаздануға болмайды, бірақ жұмыс істеу қажет», — деді Президент. Ол әкімнің инвесторларға «түсініксіз талаптар» қойғаны үшін жазаға тартылатыны туралы ескертті. «Инвесторлар облысқа келген кезде, бірінші кезекте билік өкілдері тарапынан қандай да бір түсініксіз талаптарныа жолығатынына шағымданады. Жұмыс тәжірибесіне қарамастан, әкімдер қатаң жазаланатын болады. Мен сіздерге ескерттім», — деп қорытындылады ол.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы