jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Өз әйелін пышақтап өлтірді

15 шiлде, 11:06
327

Өз әйелін пышақтап өлтірді

Талдықорғанда күйеуі әйелінің екі жерінен пышақ сұғып өлтірген. Мәйітті досы екеуі үйдің жертөлесіне жасырмақшы болған. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Қылмыс 12 шілдеде жалдамалы пәтерде орын алған. Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің денесіне екі рет пышақ сұққан.

«Қылмыскер болған оқиғадан соң, үйіне досын шақырады. Екеуі бірігіп әйелдің мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған. Қазіргі уақытта екеуі де ұсталды. Әйелдің өлі денесі де табылды. Осы қылмыс бойынша Талдықорған полицейлері жұмыс жүргізуде», – деді жергілікті Полиция департаменті.

Оқиға орнынан табылған қару ас үй пышағы екені анықталды.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы