jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қызанақ сатып алған әйел шу шығарды (видео)

15 шiлде, 15:34
82

Қызанақ сатып алған әйел шу шығарды (видео)
 Қырғызстанда әлеуметтік желі қолданушылары «резеңке» қызанақтарды қызу талқылап жатыр.
Әлеуметтік желіде таралған видеоны Қырғызстан ауылында дүкеннен азық-түлік сатып алған әйел түсірген. Видеодан қызанақтардың резеңке секілді қатты екенін көруге болады. «Қызанақты турап едік, іші жап-жасыл. Әлі піспеген шығар деп ойладым, алайда резеңке сияқты созылып жатыр, өте күмәнді. Абай болыңыздар», — деп ескертті видео авторы. Еңбек өтілі мол агроном Авазбек Қасымов видеодағы жағдайды түсіндіріп берді. Видеоны көрген маман көкөністің химиялық өңдеуден өткен болуы мүмкін екенін топшылады. «70-80 пайыз піскен қызанақтарды сатылғанда түрі әдемі болсын деумен өңдеуден өткізеді. Менің білуімше, мұндай заттар КСРО кезінде де пайдаланылған. Видеодан қызанақтың көк екені, мүлдем піспегені көрініп тұр. Қазіргі фермерлер аз уақыттың ішінде пайда табу үшін көкөністерді өңдеуден өткізетіні түсінікті», — дейді Қасымов. Қасымов химиялық заттарды дұрыс қолданбағаннан, көкөніс бүлініп, «резеңкеге» айналғанын атап өтті.

КТК

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы