jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстанның 9 өңірінде аптап ыстық болады

15 шiлде, 10:19
98

Қазақстанның 9 өңірінде аптап ыстық болады

БҚО-да жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілсе, еліміздің басқа өңірлерінде күн ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«Күндіз 15, 16 шілдеде Ақмола облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 16 шілдеде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%», — делінген хабарламада.

15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43°С қатты ыстық күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

Күндіз 15-16 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық 37 градус күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Ал 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласында 15 шілдеде түнде найзағай күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

 

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!