jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жедел-жәрдем көлігі аударылып қалды

13 шiлде, 15:55
52

Жедел-жәрдем көлігі аударылып қалды

Қостанай қаласында жедел-жәрдем көлігі аударылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Баймағамбетов-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. «Жедел-жәрдем қызметі инфарктке шалдығу қаупі бар пациентті ауруханаға алып бара жатқан. Көлік жүргізушісі дабыл белгілерін қосқан. Алайда, жол қилысына шыққан той кортежінің Hummer көлігі жедел-жәрдем қызметіне соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам зақым алды», -деді К.Жылқыбаева. Инфарктке шалдығу қаупі бар науқас бас жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Жәбірленушінің жұбайы, көлік жүргізушісі мен фельдшер жарақаттану бөлімінің көмегіне жүгінген.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы