jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Арыста 804 үй қалпына келтірілді

13 шiлде, 16:46
31

Арыста 804 үй қалпына келтірілді

13 шілдедегі дерек бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 804 үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, қазір 3512 жеке тұрғын үй және көппәтерлі тұрғын үй нысанында жұмыстар жүріп жатыр (бір күн бұрын 3232 нысан). Онда 5346 құрылысшы және 231 арнайы техника жұмылдырлды. «Осылайша, құрылысшылар бір тәуліктің ішінде 280 үйді жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, 1610 құрылысшы 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру, 6 – денсаулық сақтау және 3 спорттық нысан) қалпына келтіріп жатыр», — делінген хабарламада. ҚР ИИДМ басшысының бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын үйлерге мониторинг жүргізіліп, құрылыс жұмыстарына бақылау жасалуда. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, зақымдалған және қираған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін берілуі тиіс.

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"