jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көліктерді техникалық байқаудан өткізу тоқтатыла ма?

12 шiлде, 15:10
43

Көліктерді техникалық байқаудан өткізу тоқтатыла ма?

Көліктерді техникалық байқаудан өткізу тәртібі қайта қарастырылуы ықтимал. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлім етті.

Сабырбаев 12 шілде күні Нұр-Сұлтанда өткен брифингте техникалық байқаудан өткізу тәртібін қайта қарастыруды ұсынды.

«Бүгінде іске асырылып жатқан техникалық байқаудан бас тартудың қажеттігі логикасына түсінік бергім келеді. Қазіргі кезде техникалық байқау шаралары бастапқыда жүктелген қызметтерді орындамай жатқанын мойындау керек.

Біздің ойымызша, аталған байқау әділ әрі ашық болуы үшін жалпы тұжырымды әзірлегенше, өкілетті органдарға бұл мәселені шешу керек. Сонымен қатар, азаматтық-қоғамдық талқылау қажет», — деді ол.
Сабырбаевтың сөзінше, техникалық байқау ешбір негізі жоқ немқұрайлы шараға айналған.

Ол сол себепті техникалық байқау шараларын қайта қарастыру керек екендігін айтты.

«Біз техникалық байқауды сапалы жүргізудің тетігі дайындалғанша, оны уақытша тоқтата тұруды ұсынамыз.
«Қазіргі күйдегі техникалық байқау бізге керек пе?» деген сауалға жауап беруіміз керек.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінде жүргізіліп жатқан техникалық байқаудың жағдайы қоғамдық қауіпсіздік тұрғысында қатерлі болып табылады», — деді Сабырбаев.

13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?