jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

12 шiлде 2019, 14:23
325

Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қостанай облысында бокстан Қазақстан чемпионы Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Облыстағы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 11 шілде күні 32 жастағы Ақсай ауылы тұрғынының денесі табылған. Бұл туралы полицияға қайтыс болған адамның әйелі хабарлапты. Оның айтуынша, ер адамды туысының үйіне бара жатқан жолда біреу бауыздап кеткен.

Оқиға орнына аудан прокуроры Ринат Кәрімов бастаған жедел-тергеу тобы жетті.

Полиция күдіктінің Заречный елді мекеніне бет алғанын анықтады. Бұл ақпарат «Садовод» шаруа қожалығының басшысына жеткізілді.

Бірнеше минуттан соң ферма күзетінің басшысы Евгений Радюк күдіктіге ұқсайтын адамды көргенін айтты.

«Мен бірден учаскелік полиция бөліміне хабарластым. Жедел тергеу тобын күту керек екенін айтты. Өйткені күдікті қарсылық көрсетуі мүмкін еді. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстады», — деді Радюк.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер қылмыстың себебін анықтап жатыр.

Қаза болған адам мен күдіктінің туыс екені белгілі болды.

Ақпарат көзі: sputnik

 

Бүгін, 14:47
59-шы баппен жазаланғандар қашан ақталады?
Бүгін, 14:09
Қисық айна
29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
Серіктестер жаңалықтары