jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бердібек Сапарбаев: Үш қабатты коттедж бен автокөлігі бар азаматтарға АӘК төленген

12 шiлде, 16:56
133

  «Біздің мамандарымыз «E-Халық IP-де» тіркелмеген төлемдер, артық төлемдер, екі еселенген төлемдер, учаскелік комиссияның тексеруінсіз атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау сияқты бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, меншігінде үш қабатты коттедж бен автокөлігі бар азаматтарға АӘК төленіп кеткен жағдайлар да орын алған»- деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев: Үш қабатты коттедж бен автокөлігі бар азаматтарға АӘК төленген

Бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын 291 мың отбасы немесе 1 миллион 450 мың адамға 87 миллиард теңге төленіпті. Бұл ретте АӘК алушылардың 38 пайызы Шымкент қаласы (9 пайыз) мен Түркістан облысының (29 пайыз) тұрғындары екен.

«Кейбір жұмысқа қабілетті азаматтар АӘК алғысы келеді, бірақ жұмыс істеуден бас тартады. Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылармен міндетті түрде олар жұмысқа орналаса алатын, жаңа мамандықтар мен бизнес жүргізу негіздерін оқитын, гранттар мен жеңілдетілген микрокредит алатын әлеуметтік келісім-шарттар жасау керек. Масылдыққа жағдай жасауға болмайды, сондықтан тиісті өзгерістер ережеге енгізілетін болады», — деді Сапарбаев.

Осыған байланысты Министрлік тарапынан әкімдіктермен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталған бұзушылықтарды жоюға, заңсыз төленген қаражатты бюджетке қайтаруға, сондай-ақ болашақта мұндай бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, кеңесте жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақы бойынша берешектерді төлеу, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тарту мәселелері қаралды. Бердібек Сапарбаев АӘК-тің негізгі мақсаты — қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, соның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсету арқылы жәрдемдесу екеніне ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Министрдің мәліметінше, республика бойынша еңбекке қабілетті 85 мың АӘК алушының тек 32,5 мыңы немесе 38 пайызы ғана әлеуметтік келісім-шарттар жасасқан. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 29 пайыз, Шымкент қаласында-9 пайыз болған.  Айта кетейік, 2019 жылы кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 50-ден 70 пайызға дейін көтерілді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыздан төмен көпбалалы отбасылар, яғни бір отбасы мүшесіне айына 20 788 теңгеден аз, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 теңгеден жоғары АӘК алады.

tengrinews.kz

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!