jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды

11 шiлде, 14:46
462

Перзентxанадан ұрланған нәресте қонақ үйден табылды

Жамбылдық полицейлер перзентxанадан жаңа туған нәрестені ұрлаған 22 жасар күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді.

8 шілдеде Тараз қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына әйел адам хабарласып, облыстық перинаталдық орталықтан оның жаңа туған нәрестесін алып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі xабарлады. «Баланы іздестіру операциясын Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаров басқарды. Қылмыстың ашылуына облыс орталығының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді қатысты, олардың күштерімен бейнекамералардағы материалдар зерттелді. Жақын маңдағы барлық тұрғын үй секторы, қонақ үйдің барлық нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде нәресте қонақ үйлердің бірінен табылды»,-делінген ведомство xабарламасында. Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұxтарқұлованың айтуынша, ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылып, бала анасына қайтарылған. Баланы алып кетті деген күдікпен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталыпты. «Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзінің кішкентай сәбиі бар екені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда»,-дейді Гүлсара Мұxтарқұлова.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?
16 тамыз, 13:26
"Бой түзейтіндер мен ой түзейтіндер бұққан заман"