jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Маса мазалап тұр

11 шiлде, 17:36
33

Маса мазалап тұр

Биыл масаның көптігі елорда тұрғындарын қатты мазалай бастады. Бұл қонақтарға да жағымсыз әсер қалдыруда. Сондықтан дәрілеу жұмыстарын жандандыру қажет болып тұр. Біз осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мырзадан түсініктеме беруін сұраған едік.
Комитет төрағасы: «Қала күні қарсаңында шаһарда жауын шашын мөлшері көп болды. Соның салдарынан масаға қарсы пайдаланылатын препараттар күшін жойды. Бұл масалардың жаппай көбеюіне тікелей әсер етті», – деді. 2016 жылғы қаржыландыру заңы бойынша дезинфекциялық жұмыс жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан бұл жұмысты әкімдіктер ұйымдастырып, өздері бақылау жасауы тиіс.
Жасыратыны жоқ, масаға қарсы жүргізген шаралардың тиімділігі төмен. Өйткені осы қызметті ұсынып отырған ұйымдарды күнде тексеру керек.
Мамандар ауа райының құбылмалы сәттерін басшылыққа алмай. Яғни жұмыс дәрі шашумен шектелмеу керек. Жаңбырдың соң аптап ыстық болатынын ескерсек, маса тез көбейді.
Ж.Бекшин мырза әңгіме арасында: «Біздің құрылымдар байқау негізінде бұл жұмысқа жеке кәсіпкерлерді тартады. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, біз олардың жұмысын жиі тексере алмаймыз, жылына 1-2 рет қана тексеруге рұқсат етілген. Енді өзіңіз ойлап қараңызшы, жылына 1 немесе 2 рет тексеру деген не болады? Бұл жұмыс күнделікті бақылауды және тексеруді талап етеді емес пе!?», – дейді. Шынында да, бақылау болмаған жерде жұмыстың нәтижелігі мен қаражаттың қаншалықты жұмсалғанын анықтау да қиын.
Дизенфекциялық жұмыстар мен кемірушілерді жоятын құралдар қайдан, қаншалықты алынғанын тексерген жөн. Сәйкесінше, бақылау күнде жүргізілуі керек.
Масаның көптігі халықтың арасында дүрбелең тудыра бастады. Себебі әлеуметтік желілер арқылы түрлі фото, видео көріністер таралып, ел арасында «түрлі ауру тасымалдайды екен» деген әңгіме желдей есіп жүр. Алайда еліміздің бас тазалықшысы біздегі масаның ешқандай ауру таратпайтынын ашық айтты. Көп болса, аллергия туғызуы мүмкін. Олар күнделікті тұрмыста, демалыста тек адамға қолайсыздық туғызып, мазасын қашырады. Ал тропикалық елдерде қадерлі дерттің дені маса арқылы таралады. Сондықтан шетелге барғандар орналасқан үйдің терезесіне шыбын-шіркейге қарсы тор құрылғаны жөн екен.
Соңғы 2 жылдың дерегіне сүйенсек, елімізде шетелден келген денге қызбасының 9 жағдайы тіркелді. Төртеуі Тайландтан келген, қалғандары Үнді, Сингапур, Вьетнам елдеріне саяхаттаған отандастарымыз. Екінші кезекте конго қызбасы бойынша биыл 1 жағдай тіркелді. Ол Өзбекстаннан келген азамат болатын. Қазіргі таңда ол қалалық емханалардың бірінде емделіп жатыр. Биыл 5 адам тырысқақпен ауырды. Бір топпен Үндістанға кеткен отандастарымыз 10 шақты қаланы аралаған. Салдарынан осы дертке шалдыққан. Одан бөлек, 1 адам безгекпен тіркелді. Бұл ауру да үнді елінен келді. Бірақ барлығы уақытында зерттеліп, ем қойылып, инфекциялық ауруханаларға жатқызылды. Тиісті деңгейде емделді.

Гауһар АЗАНБЕК

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!