jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«МАРТ» сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылды

11 шiлде 2019, 18:58
48

"МАРТ" сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылды

Қостанайдағы «МАРТ» сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь айтқандай, тәртіп сақшылары сауда орталығын түгелдей қоршауға алды. «Бүгін сағат 12:40 кезінде сауда орталығының телефонына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барлық мүдделі органның қызметкерлері жұмылдырылды. Аумақ қоршауға алынып, сауда орталығының ішіндегілер эвакуацияланды. Іздеу нәтижесі бойынша ешқандай жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған болып шықты», — деді Ирина Беженарь агенттік тілшісіне. Полицейлер жалған хабар таратқан адамды іздеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

ҚазАқпарат

29 мамыр, 14:00
Пышақ жалаңдатқан бала
29 мамыр, 13:50
Сиыр көп те, сүт аз
29 мамыр, 11:48
Сақшы бейнесі сайқымазақ емес
29 мамыр, 11:42
"Маска - шоу"
29 мамыр, 11:39
Оқулық оңбаса, дұрыс білім бола ма?
29 мамыр, 11:24
Делдалдан арылу
29 мамыр, 11:11
«Елім –айдан» - «...белім -айға» дейін...
22 мамыр, 11:04
"Теңізді" толқытқан бір тамшы вирус
Серіктестер жаңалықтары