jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Көлік жүктерін өлшеу процесі автоматтандырылмақ

11 шiлде, 16:49
23

Көлік жүктерін өлшеу процесі автоматтандырылмақ

Қазақстанда көлік құралдарын габаритсіз өлшеу процесі автоматтандырылатын болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты. 

«Үлкен габаритті және ауыр салмақты автокөлік құралдарының өтуін бақылау қызметін Ішкі істер министрлігіне толықтай бергіміз келген еді. Алайда, Ішкі істер министрлігінде өткен кеңесте бұл ұсыныс қолдау тапқан жоқ. осыған байланысты жұмыс тобының отырысын өткіздік. Оның қорытындысында адами факторларды жою үшін көлік құралдарын габаритсіз өлшеу процесін автоматтандыру қажет деген шешім қабылдады. Мұндайға заң мүмкіндік береді», — деді ол бүгін автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте. Осы орайда, Берік Камалиев аталған мәселеде өзге де шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу маңызды екендігін баса айтты. «Егер таяу шет елдерді алып қарайтын болсақ, онда менталитеті және басқа да жақтарынан бізбен бір экономикалық қоғамдастықта болған мемлекеттер жақын келеді. Таяуда Польша тәжірибесін зерделеді. Оларда Автомобильді бақылау департаментінің құрамында Көліктік бақылау бюросы мен Ақылы жолдар төлемдерін жинау бюросы бар. Яғни, бір агенттікте осындай екі басқарма шоғырланған. Сондықтан біз қазіргі уақытта мүмкіндігінше польяк тәжірибесін қолдану шараларын қарастырып жатырмыз», — деді вице-министр.

ҚазАқпарат

13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?