jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Еуропа лигасы: «Ордабасы» Грузияның клубынан басым түсті

11 шiлде, 23:14
48

Еуропа лигасы: «Ордабасы» Грузияның клубынан басым түсті

Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен алғашқы кездесуі мәресіне жетті.

«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе алғашқы минуттан Дмитрий Непогодов, Мардан Төлебек, Пабло Фонтанелло, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Тимур Досмағамбетов, Абдуллай Диакате, Май Махлангу, Мирзад Механович, Жоао Пауло мен Тоқтар Жанғылышбайды шығарды.

Ал «Торпедо» сапында Роин Квасхвадзе, Важа Табатадзе, Давид Хурцилава, Анри Чичинадзе, Цотне Надарая, Матэ Цинцадзе, Папуна Пониава, Вахтанг Небиеридзе, Темур Чогадзе, Заза Цицкишвили және Торнике Капанадзе ойын басталғаннан жасыл алаң төрінен көрінді.

Бүгінгі кездесу «Ордабасының» басымдығымен өтті. Дегенмен ойын барысы баяу жүрді. Доп негізінен алаң ортасында көбірек жүргені рас. Алғашқы жиырма минутқа дейін екі команда тарапынан да қауіпті шабуыл көзге түсе қойған жоқ. Ал 40-минутта шымкенттік шабуылшы Жоан Паоло қарсыластар қақпасына доп бағыттады. Дегенмен ол діттеген мақсатына жете алған жоқ. Екінші кезеңде алаң иелері гол соғу мүмкіндігін көбірек іздеді. Соған қарамастан олар мергендігімен көзге түсе алған жоқ. Ойынның 50-минутында шымкенттіктер тарапынан белсенді қимыл көбірек көзге түсіп жатты. «Ордабасының» бас бапкері 55-минутта шабуыл шебін күшейте түсті. Қорғаушы Мардан Төлебекті шабуылшы Зики Бадибанга алмастырды. Бұдан кейін 67-минутта жартылай қорғаушы Мирзад Механовичтің орнын шабуылшы Алексей Щеткин басты. Сол сәтте оң қанаттан берілген бұрыштама добын «Ордабасы» ойыншысы Темірлан Ерланов баспен қақпаға соғып кетті. Бұл гол «Ордабасыға» жеңіс алып келді. Шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін, 11 шілдеде Алматының «Қайраты» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» клубымен шеберлік байқасады. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ҚазАқпарат

13 қыркүйек, 14:24
Айман Омарова, адвокат: Ең бастысы –диалог
13 қыркүйек, 14:10
Қармақ емес, балық сұрайды
13 қыркүйек, 11:19
Мәдениетіміздің өлшемі (видео)
06 қыркүйек, 12:40
Ең бастысы – қоғамда әділдік орнату
06 қыркүйек, 12:14
Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)
26 тамыз, 15:22
Қайсар қыз, Әнел!
23 тамыз, 11:53
Мұнайшы да болып көрдік
22 тамыз, 20:35
Оқушы киімі қанша тұрады?