jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Полицейлер күдіктіні ұстады

19 маусым, 16:43
64

Полицейлер күдіктіні ұстады
Қазіргі таңда адамдардың сеніміне кіріп, алаяқтық жасау жиілеп кетті. Полицейлердің айтуынша, алаяқтық жасайтындардың дені әйелдер. Алданып қалатындардың көпшілігі – қыз-келіншектер.

Алаяқтар көбінесе жұмысқа орналастыру, мемлекеттік жәрдемақылар мен субсидияларды тағайындауға көмектесу үшін уәдесін үйіп-төгеді. Солардың бірі Түркістан қаласында «жұмысқа орналастырып беремін» деп жұртты алдап соққан. Атап айтқанда, қулығына құрық бойламайтын күдікті әйел жәбірленушінің жұмыссыз жүргенінен хабардар болып, өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырған. Ол азаматты ұялы телефон арқылы хабарласып, кездесуге шақырады. «Емханаға медбикелікке орналастырамын» деп сендіреді. Осылайша жоқ жұмысты тауып берген әйелге 520 000 теңгені қолма-қол санап берген. Күдікті ақшаны алып, өз қажетіне жаратқан.
Айлакер әйел қылмыстық әрекетін кәдімгі күнделікті жұмысы секілді жалғастырып келген. Келесі бір танысымен де ұялы телефон арқылы сөйлескен. «Клиникаға фельдшерлік жұмысқа тұрғызып беремін» деп сеніміне кіреді. Бұл қызметі үшін 330 000 теңге алады.
Үшінші жәбірленуші де Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны болып шықты. Оны мемлекеттік қызметке орналастыруға уәде етіп, ақысына 600 000 теңге сұрайды. Бұл деректер ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бырыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркелді. Жәбірленушілердің арызы бойынша Түркістан ҚПБ тезарада іске кірісіп, алаяқтықтың ізін суытпай ашу мақсатында жеделдетілген іс-шараларды жүргізеді. Нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын да алаяқтық жасап, сотты болған жоғары білімді жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктінің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен: жәбірленуші, күдіктінің жауаптарымен, басқа да жинақталған құжаттармен расталды. Осылайша, күдікті ҚК-тің 190-бабы бойынша «қылмысты жасады» деп айыпталып, қылмыстық іс Түркістан қалалық сотына жіберілді.
Түркістандық полицейлер алдағы уақытта да алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға кеңес береді. Алаяқтар көбіне нық сөзімен, сенімге кіргізумен, әртістік қабілеттерімен, жымысқы ойларымен, айлакерлігімен, өтірікті шындай етіп айтатын қасиетімен ерекшеленеді. Жылдам әрекет ететіні соншалықты, ойлануға уақыт бермейді. Сондықтан ақшаңыз бен мүлкіңізге сақ болыңыз. Алаяқтарға алданып қалмаңыз!

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!