jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Пара орнына мал алған

19 маусым, 17:54
75

Пара орнына мал алған

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі мен оның екі орынбасары пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі М. Мұстафинға, сондай-ақ оның орынбасарлары Қ. Жақыпов пен Э. Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған адамдар жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдардың егілуіне көз жұма қарағаны үшін 3 млн теңге сомасында — жалпы құны 1,5 млн теңгені құрайтын 2 жылқы және 3 мүйізді ірі қара мал түрінде пара алған», — делінген хабарламада. 19 маусымда Зеренді аудандық сотының үкімімен М.Мұстафин 3 жыл, Мұқашев 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Ал Жақыпов 4 млн теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!