jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Mizam базары мәжбүрлі түрде сүріле бастады

19 маусым, 17:06
84

Mizam базары мәжбүрлі түрде сүріле бастады

Алматыдағы Mizam базары мәжбүрлі түрде сүріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2018 жылдың 13 желтоқсанда Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «СеверТал» ЖШС-не заңсыз салынған «Mizam» сауда базарын бұзу туралы талап арыз түсірген.

«Мұндай арыз берудің өзіндік себептері бар. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс жүргізген тексеру кезінде бірнеше заң бұзушылық анықтаған»,-делінген хабарламада. Сот «Mizam» базарының құрылысы заңсыз жүргізілген деп шешім шығарды. «10 маусымда сот орындаушылар «Mizam» сауда базарының иесіне сот шешімі туралы хабарламаны тапсырды. Сот актісінде көрсетілгендей кәсіпкер 17 маусымға дейін базарды бұзуы тиіс еді, олай болмаған жағдайда 19 маусымда мәжбүрлі түрде сүріледі»,- делінген әкімдік хабарламасында. Бұған дейін базар иесіне 1,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, қала басшылығы жалдамалы 1,3 га және 4,05 га екі жер теліміне қатысты келісімшартты бұзуды қарастырып жатыр.

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...