jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бағлан Әбдірайымов шындықты айтты

19 маусым, 16:30
3070

Бағлан Әбдірайымов шындықты айтты

Бағлан Әбдірайымов шындығын бөлісті.

Өнер иесі желідегі парақшасында ешкім білмейтін тың жаңалықтарымен бөлісті. «Жігіттер» тобы енді ғана сахнада өнер көрсетіп келе жатқан кезде, жандарына ертіп жүріп, бағыт-бағдар берген ағаларына да алғыс айтуды ұмытпады. Тіпті поезд вагонына алғаш отырған кезде қалай таңқалғандарын айтты.

«Ортаға өнеріңмен емес мінезіңмен жағасың! «Жігіттер» болып, Алматыға жаңа қоныс аударып, алғашқы ән сапарымызда Мейрамбек Бесбаев, Мақсат Базарбай ағаларымызбен сапарлас болып едік. Алматы — Шымкент бағытында жүретін «Отырар» поезды. Екі ортаны Автобуспен жүріп жүрген біз үшін «бизнес класс» болып саналды сол кезде. Бір купеде таңға дейін аузымыз ашылып ағамыздың әңгімесін тыңдап, кезек-кезек төртеуміз «мен мықты айтам дегендей» ән айтып жол қысқарттық. «Ерке қыз» әнін қосылып та орындадық», — деп өткенін есіне алды өнер иесі.

Мейрамбек Бесбаевты жер көкке сыйғызбай мақтаған ол «Жігіттер» тобының құрылуына «Мұзарттың» әсер еткені туралы ашық айтты. Мұзарттықтар інілерін бізден де мықты боласыңдар деп қанаттандырған көрінеді. Айтқандары аумай келді деп алғысын жеткізді Бағлан Әбдірайымов.

«Сонда Мейрамбек ағамыздың айтқаны есімде. «Керемет жігіттер, жолдарың болсын! Сендер Мұзартты басып озасыңдар» — дегенде, сасқалақтап қалдық. «Жоқ аға, қайдан?» — деп таңырқап қалдық. «Озасыңдар, тек бойдақтықтарыңмен» — деп жымиып күлді. Уақыт өтіп ел арасында жүріп, «Мұзарт» тобымен теңсіңдер, оздыңдар, Қазақстанда екі топ бар, олар сендерсіңдер деген жылы сөзді көп естіп жүрдік! Төртеуміз де отбасылы болған соң, оздыңдар деген сөзді естуді қойдық. Естімей жүргеніміз де жақсы еді. Өйткені, «Жігіттер» тобының құрылуына «Мұзарт» тобының үлесі зор. Содан соң, қалған екі теңеуге мәз болып келеміз. Оның өзіне ыңғайсызданамыз. Айтпағым, ағамыз тек әнімен емес даналығымен сөз тапқырлығымен адамгершілігімен ерекше! Аман жүріңіз, аға!» — деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Stan.kz

Бүгін, 12:27
Мақау кісінің мұңы
11 қараша, 13:07
Жарыққа ұмтылған тағдыр
08 қараша, 12:12
Атакәсіптен ажырадық, масылдық психология биледі
08 қараша, 12:05
Ақынды қорлап, батырға көшті
01 қараша, 14:39
Көктастан көкқағаз тапқандар
30 қазан, 13:00
Автобусқа мінудің азабын-ай! (видео)
25 қазан, 14:49
Ауылдан шыққан ғалым
18 қазан, 15:33
Доктор дөкейлер лекция оқи алмайды