jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Атырау облысында тәртіп сақшылары мен тұрғындар жаға жыртысты

19 маусым, 23:38
747

Атырау облысында тәртіп сақшылары мен тұрғындар жаға жыртысты

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Атырау-Орал тас жолы бойында полицейлер тұрғындардың біріне қатысты арнайы құралды заңсыз пайдаланған көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға Индер ауданына қарасты Есбол ауылында кешкілік болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнероликке қарағанда, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қарамағындағы қызметкерлерімен бірге ауылдықтардың қарсылығына тап болған. Есболдықтардың ашуға мінуіне – ауылдықтардың біріне полицейлердің көзден жас ағызатын газ бен резеңке сойыл және электрошокер пайдалануы себеп болыпты. Жерлестерін арашалап алмақ болғандар тәртіпті ысырып қойып, полицейлердің іс-әрекетіне кедергі келтірмек болған. Қазір бұл дерек бойынша облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы тексеріс жүргізуде.

Нұрлыбек Көшенов, Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары:

— Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылдың тұрғындарының полиция қызметкерлеріне қатысты арыз-шағымы бойынша, департамент қызметкерлерінен және өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен комиссия құрылып, Индер ауданына толықтай обьективті қызметтік тексеріс жүргізу үшін жіберілді. Тексеріс қорытындысымен заңды шешім қабылданады.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы