jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Митинг кезінде үш жүзден астам полицей жарақат алды

18 маусым, 11:45
33

Митинг кезінде үш жүзден астам полицей жарақат алды

Қазақстанда заңсыз митинг кезінде төрт мыңға жуық азамат ұсталған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Министр 9, 10, 11, 12 және 13 маусым күндері республика қалаларында заңсыз митинг өткенін айтты. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан, адамдар көшеге шыққан.

«Митингіге шыққан азаматтар «Митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы» заңды бұзды. Заңда мұндай акцияларды өткізбес бұрын жерілікті атқарушы органдарға өтініш беру керектігі анық жазылған. Олар рұқсат бергеннен кейін ғана митинг өткізілуі тиіс», — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол заңсыз митинг кезінде полицейлерге арнайы құралдарды қолданбау туралы нұсқау берілгенін айтты. Бұл — газ баллондары мен резеңке таяқ.

«4 мыңға жуық азамат ұсталды. 3 мың адам профилактикалық жұмыстан кейін босатылды. 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға алынды, ал 305-іне әкімшілік айыппұл салынды», — деді министр.

Министрдің айтуынша, митинг кезінде зардап шеккен полицейлердің алтауы ауруханада ем қабылдауда. Бірінің жіліншігі сынған, енді бірі бас сүйек-ми жарақатын алған.

«Үш жүзден астам полиция қызметкері дене жарақатын алды. Олардың алтауы қазір госпитальде жатыр. Бұл цифрды біз бұған дейін жария етпеп едік, алғаш рет айтып тұрмын», — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Министр мыңға тарта азаматтың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

19 шiлде, 12:02
Ажал шақыратын арал
18 шiлде, 11:40
Қажытайдың атбегілігі қандай еді?
12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!