jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қостанайдағы жарылыстың себебі анықталды

18 маусым, 14:46
30

Қостанайдағы жарылыстың себебі анықталды

Қостанайда техникалық байқау станциясында болған жарылыс автокөлікке орналтылған газ құрылғысында саңылау пайда болуысалдарынан шыққан.

Ресми нұсқаны облыстық ТЖ департаментінің басшысы Талғат Кәкімов айтты, — деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, қазір оқиға орнында үйінділерді жинау жұмыстары аяқталды. 17 газ баллоны эвакуацияланды. Қазір полиция өкілдері төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиға 17 маусымда 12:00 шамасында Қостанай қаласындағы Лермонтов көшесінің бойында орналасқан екіқабатты техникалық байқау станциясында табиғи газ құрылғысы жарылды. Кейбір мәліметтер бойынша, ТБС ғимаратына газ қондырғысы орнатылып жатқан. Ғимарат толығымен бұзылған, қирандылар жатқан жерде өрт шыққан.

«Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті, алтауы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біріне оқиға орнында көмек көрсетілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ бен электр сымдары ағытылды. Өрт сөндірушілер өртті 12:47-де толығымен сөндірді. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!