jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Биыл ЖОО-ларға 53 мыңнан астам грант бөлінді

18 маусым, 15:27
25

Биыл ЖОО-ларға 53 мыңнан астам грант бөлінді

Биылғы жылы гранттар көбіне техникалық мамандықтарға беріледі.

2019 жылы бакалавриат бойынша жоғары білім алуға 53 мыңнан астам грант бөлінген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Биыл бакалавриатқа 53 785 грант бөлінеді. Магистратураға былтырғыдай 13 мыңнан астам грант берілген. 2 312 грант докторантураға, – деп хабарлады Аймағамбетов.
Оның сөзінше, министрлік абитуриенттердің қанша грант бөлінетінін, қандай конкурс, қайда құжат тапсыру қажеттігін біліп отыруына ерекше мән береді.

– Олар осының бәрін біліп отырса, құжат тапсырғанда өздері үшін дұрыс шешім қабылдай алады. Биылғы жылы гранттар көбінесе техникалық мамандықтар бойынша бөлінген, бірақ әлеуметтік саланы да назардан шығармадық. Мысалы, қазір инклюзивті білім мәселесі көтерілуде. Сондықтан биыл біз дефектология бойынша гранттар санын арттырдық, – деп түсіндірді министр.

ереккөзі: zakon.kz

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!