jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

«Алматыжолзертхана» директоры 40 млн теңге айыппұл арқалады

18 маусым, 11:32
56

«Алматыжолзертхана» директоры 40 млн теңге айыппұл арқалады

Алматы облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматыжолзертхана» РМК директоры С.Кенжеғұлға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, С.Кенжеғұл 2018 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың сәуірі аралығында «Қазақжолқұрылыс» ЖШС-ның директоры З.Дошановтан жол салу барысында арзан материалдарды қолдануға келісімін беру үшін жалпы сомасы 2 млн теңге пара алған. Сонымен қатар ол кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан. «Биылғы жылдың 12 маусымында С.Кенжеғұл Талдықорған қалалық сотының үкімімен 40 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Дәл осы сот пара беруші З.Дошановты да 30 млн теңге көлемін айыппұл төлеуге міндеттеді. Сотталушылар мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін өзі басқару органдарында өмір бойы лауазым иелену құқығынан айырылды», — деп атап өтеді агенттік. Ведомство мәліметінше, сотталушылар үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 жылдың ішінде айыппұлдарын төлеуі тиіс. Егер олар айыппұлдарын аталған мерзім ішінде төлемесе бас бостандықтарынан айырылады.

29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...
15 қараша, 18:07
Автобустың әлегі
15 қараша, 18:01
Ұн қымбат, ет тапшы
12 қараша, 12:27
Мақау кісінің мұңы