jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Әбунасыр Серіков шу болған оқиғаның мән-жайын айтып берді (видео)

18 маусым, 14:07
2131

Әбунасыр Серіков шу болған оқиғаның мән-жайын айтып берді (видео)

Әбунасыр Серіков Шырын Нарчаевамен арада болған даулы оқиға туралы бар шындықты жайып салды. Отандық актер атышулы жас қызбен бір фильмде түсуден не себепті бас тартқанын айтып, жанжалдың мән-жайын ашып берді. Бұл туралы  «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтты. 

Түсірілім алаңындағы жанжалдың видеосы желіде тарап, ел арасында қызу талқыға түскен. Серіковтың төсін жалаңаштап танылған арумен ұрысқан бейнежазбасын көпшілік пиар үшін жасалды деп сөгіп те үлгерді.

Кейбір оқырмандар тіптен, актер аталмыш фильмге түсуді жалғастырғанын да айтып, оны аяусыз сынап жатты. Алайда, комедия жанрының майталманы халық арасындағы қауесеттердің барлығына нүкте қойып, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын түсіндірді.

Анықталғандай, ол ақыр-соңы ол фильмге түспей қойған.

«Соңына дейін екі күн қалған кезде, мен ол қызбен түстім. Алдында ол қызды таныған жоқпын. Сосын мен оны танығаннан кейін, кім болса да мен оған қарындасым ретінде айттым: «Мына істеп жүргенін не? Ертең сексенге келген кезде ұрпақтарың не дейді? Көрсетіп тұрғаның не?» дедім.
Ақыл айтқан сайын, кейбіреулер түсінбейді ғой. Продюсерлер мен режисерларға қалған екі күн түспейтінімді айттым. «Қалай монтаж жасайсыңдар өздерің білесіңдер» деп кетіп қалдым. Ол видеоны кім түсіріп алғанын да білмеймін. Бір жағынан ораза кезі болды. Ол қызға қатты айтып қойған шығармын» , — деді актер.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!