jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жаңа экология министрі тағайындалды

17 маусым, 14:38
30

Жаңа экология министрі тағайындалды

Бүгін, 17 маусымда, мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасын тағайындау туралы келісті.

Бұл мәселе «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

«Парламент мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды», — делінеді мәжілістің хабарламасында.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!