jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мұғалімді балағаттағандар айыппұл төлеуі мүмкін

17 маусым, 11:05
67

Мұғалімді балағаттағандар айыппұл төлеуі мүмкін

Оқушы мұғалімнің ар-намысына нұқсан келтірсе, ата-анасы 252 мың 500 теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске осындай өзгеріс енгізілмек. Заң жобасы айдың аяғына дейін «Ашық үкіметтік емес ұйымдар» сайтында қоғамдық талқыға ұсынылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жаңа заң жобасы бойынша, мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласатындар немесе кедергі келтіретіндер 7.275 теңге айыппұл төлейді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті құрал-жабдық алуды педагогтің мойнына артып қоятындарға да осындай жаза қарастырылған. Ал өз міндетіне қатысы жоқ жұмысқа жегетіндер 25 250 теңге айыппұл арқалайды. Ең үлкен әкімшілік жаза оқушыларға келіп тұр. Кәмелетке толмаған бала мұғалімнің ар-намысын тисе, 252 мың 500 теңге айыппұл ата-анасына немесе олардың орнын алмастырған кісілерге салынады.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!