jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бұрынғы әкім өлі табылды

17 маусым, 10:43
99

Бұрынғы әкім өлі табылды

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының бұрынғы әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің жансыз денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәйітті 14 маусымда тұрғындар тауып алып, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына тергеу тобы шұғыл жетіп, 66 жастағы ер адамның көз жұмғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, найзағай түсіп қаза болған көрінеді.

«Сотқа дейінгі тергеулер аясында өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала деректер бойынша, найзағай түсіп қаза болған. Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ», — деп ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина мәлімет берді.

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков – өңірге белгілі саяси қайраткер, Ақтамберді жыраудың ұрпағы. Мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымды иеленген. 10 жыл Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2011-2017 жылдары Абай ауданының әкімі болған.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!