jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтауда тәртіп сақшысы той кортежін тоқтатып қойды (видео)

17 маусым, 14:41
921

Ақтауда тәртіп сақшысы той кортежін тоқтатып қойды (видео)

Ақтауда полицей той кортежінің жолын жауып, өткізбей қойған. Полиция мұның себебін түсіндірды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желіде оқиғаның видеосын тарады. Онда тар көшеде кортеждің маңында екі ер адамның сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Олардың бірі – полиция қызметкері. Видео кадрларынан оның 7-10 көліктің жолын жапқаны байқалады.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшысы осылайша жол ережесін бұзғандарды патрульдік полиция келгенше ұстап тұрған.

«Аталған дерек 16 маусымда тіркелді. Полиция қызметкері түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан. Сол кезде той кортежін көріпті. Үш көліктегі адамдар терезеден шығып алып, осылайша, жол ережесін бұзған. Полицей олардың жолын жауып, патурльдік көлікті шақырды. Үш көліктің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», — дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатулла.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!