jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

12 жастағы қыздың терісі сыпырылып түскен

17 маусым, 22:55
281

12 жастағы қыздың терісі сыпырылып түскен

Дәріге аллергиядан 12 жастағы қыздың терісі сыпырылып түскен Ине салдырған соң аллергиясы асқынған. Алматылық қос зейнеткер немересін ауыр халге жеткізген дәрігерлерді жазалауды сұрайды. Алматыдағы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен соң Диана Ақылбектің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәріге аллергиядан 12 жастағы жасөспірімнің терісін күйік шалғандай сыпырылып түсе бастаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал дәрігерлер препараттарға ағзаның реакциясы қандай болатынын болжай алмаймыз деп ақталуда. Диананың ата-әжесі немересінің денсаулығына алаңдаулы. Таяуда 12 жастағы жасөспірім бір өлім аузынан қалған. Жұқпалы аурумен жатқызылған оның 2 күннен кейін тыныс алуы нашарлаған. Ине салдырған соң жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты. Әжесінің айтуынша, қыздың денесіндегі терісі күлдірей бастайды.

Жұмагүл Бекқожаева, Диананың әжесі:

— 18-і күні баланы түске шейін әкелдік. Баланы түстен кейін бізге көрсетпей қойды. Сөйтсек баланың түстен бастап терісі сыпырылыпты. Кешке жақын мұрнының терілері түсіп қалыпты. Одан бала ертесіне реанимацияға түскен. Ертесіне бір-ақ шақыртты бізді.

Оқушы қыздың денесінің 70 пайыздан астамын күйік шалғандай, терісі сыдырыла берген. Тек шашы мен қасы ғана аман. Диананың жағдайы күрт нашарлаған соң №2 ауруханаға ауыстырылған. Ата-әжесі ондағы ақ халаттыларға дән риза.

Ақылбек Бекқожаев, Диананың атасы:

— Қазір балам жақсы болып қалды. Басын көтеріп тамақ ішіп қалды Ажалдан арашалап алып қалған Артур Сатенов деген жігітке рахметімді айтамын.

Әйтсе де жасөспірімді ең бірінші емдеген дәрігерлер өз ісіне салғырт қарады деп айыптап отыр. Денсаулық сақтау министрілігі мен прокуратураға шағым түсірген. Ал, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары болса аллергияны ешкім болжай алмайды. Дене қызуы көтеріліп ауырған қызға барынша көмектестік дейді.

Айнұр Уәлиева, Алматы қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

— Дәріге аллергиясы болған жоқ. Үшінші күні сол антибактериалдық препаратты тағайындаған кезінде реакциясы көрінді. Ондай жағдайлар болып тұрады.

Қазір Диана Ақылбек аллергиядан кейін қатты зақымданған теріні қалпына келтіру үшін ем-дом қабылдап жүр.

Жұмагүл Бекқожаева, Диананың әжесі:

— «Енді мен сабаққа қалай барамын?» деп бала соны уайымдап 4-5 күн болды күнде жылайды.

Жеткіншектің бар уайымы жаңа оқу жылына дейін толық айығу. Жақындары болса жасөспірімді осындай күйге жеткізгендер жазасыз қалмаса дейді.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!