jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды

13 маусым, 11:44
66

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды

Қазақстанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталсын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін», делінген құжатта. ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратымен бірлесіп бір ай мерзімде Президент қарауына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасымен бірлесіп агенттік туралы ереженің жобасын, агенттіктің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!