jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бекіреге төлқұжат беріле бастады

12 маусым, 15:40
27

Бекіреге төлқұжат беріле бастады

Атыраудағы бекіре балықтарын өсіретін екі зауытта барлық бекіре тұқымдас балықтарға молекулалық-генетикалық құжат беріле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін балықтардан биологиялық материал алынып, денесіне микрочип енгізіледі. Ол мағлұматтар ортақ базада сақталады. Осы ақпарат арқылы балықтардың өзендер мен теңіздегі қозғалысын анықтауға болады. Сондай-ақ тұқымдық балықтардың қай зауытта өсірілгендігі туралы толық ақпарат базаға жинақталады. «Бұл шара бекіре балықтарының тұқымдық сапасының сақталуына игі ықпал етеді», – дейді мамандар.

Жұпар Өтеулиева, бекіре зауытының технологы:

— Генетикалық төлқұжат жасау арқылы біз аталық және аналық балықтардың денсаулығы бойынша толық мағлұмат ала аламыз. Сонымен қатар аталық-аналық балықтардың бір-бірімен ұрықтандырған уақытта, олардың қандарында туысқандықтары неғұрлым алыс болса, соғұрлым сапалы ұрпақ пайда болады.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!