jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Кәсіпкер ханымдар жобасын ұсынды

23 мамыр, 10:00
68

  Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкер ханымдарға арналған Umay Boost жобасының тұсауы кесілді.  Бағдарлама аясында қатысушы кәсіпкер ханымдар  бизнес-жобаларын қорғады. Сәуірдің басынан бастап, қатысушылар стратегиялық жоспарлау, бизнес-үлгілеу, қаржылық талдау және жоспарлау, маркетинг, ілгерілету және сату, кадрларды басқару және ІТ-шешімдерді қолдану тақырыптарында білім алды. Оқу тақырыптық тренинг және коучинг сессия форматында өтті. Қатысушылар бизнесті ары қарай дамыту стратегияларын сараптау комиссиясының бағалауына ұсынды. Сарапшылар құрамына қазіргі кәсіпкерлер, маркетологтар, бизнесті дамыту кеңесшілері кірді.

Кәсіпкер ханымдар жобасын ұсынды

Қатысушылардың айтуынша, жобаға қатысу арқылы олар жаңа білім алып, оларды іс жүзінде қолдана алды.

— Бағдарлама кәсіпкерлерге жаңа деңгейге көтерілуге – компанияның мақсаттарын анықтауға, бизнес-үлгіні құруға мүмкіндік береді. Міне, қатысушылар – бизнес жетекшілер мен иелері – осы тұлғалық және кәсіби тұрғыда өсу мақсатында осында келген болатын. Бағдарламаға қатыса отырып, біз білім алдық, енді алған білімімізден қандай нәтиже шығаратынымыз өзімізге байланысты, — деп жоба қатысушысы, «12 месяцев» дүкенінің директоры Майра Қарыбаева атап өтті.

Кейбір қатысушыларда қазіргі бизнесінің шеңберіндегі жаңа бағыттар туындап, сонымен қатар бағдарламаның басқа қатысушыларымен серіктестіктің жаңа идеялары пайда болды. Жобаға қатысушы және «Индиго-Тараз» балабақшасының негізін қалаушы Мадина Бисенова: «жоба жаңа бастағандарды емес, кәсібі бар кәсіпкер ханымдарды жетілдіруге арналған – бұл өте керемет. Бізге қазіргі жобаларымызды жетілдіру жолдарын және оны күрделі өзгерістерсіз қалай жасау керек екенін жан-жақтан түсіндіріп жатыр. Біз бизнесімізді дамыту стратегиясын құрып, қызметкерлерді дұрыс жалдауды, міндеттерді ұсынуды үйреніп – оларды бизнесімізге енгізіп жатырмыз. Нәтижесі де бірден байқалып тұр. Тұлғалық өзгерістерді, «soft skills» жетілдірулерді атап айтқым келеді. Өте жылдам өзгеретін қоршаған ортамызда бұл маңызды құзыреттілікер деп ойлаймын. Жобаның маған көмегі шексіз, себебі қазір бизнесімді кеңейтуді жоспарлап жүрмін, оны қалай жасайтыным мен үшін осы жобаның нәтижесі болмақ».

Кәсіпкер ханымдар жобасын ұсынды

Білім мен өз ісінің стратегиясын жасаудан бөлек, кәсіпкер-ханымдар бір-біріне бизнес-талқылау жасады.

— UMAY Boost – мен үшін алғашқы жоба емес, сондықтан салыстыратын қорым бар. Білім беру форматы сәтті құрылған, өндірістен ажырамайды және басқа жобалардан басты айырмашылығы – білім берудің жаңа тәсілі – коучтермен бірігу синергия нәтижесін, сондай-ақ бизнесіңді және оны ары қарай дамыту жолдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жобадан әрбір жан қолдау тауып, ниеттес жандардың көмегін ала алды. Тәлімгерлер мен коучтерден алған біліміміз өте бағалы. Менің компаниям көлік құралдарын бақылау үшін өзі жасаған бағдарламасын дамытуда. Бұл бизнестің өз ерекшелігі бар, бірақ тәлімгерлер мен жобаның басқа қатысушыларынан алған кері байланыс бизнесімнің жаңа көкжиегін көруіме мүмкіндік берді, — дейді жоба қатысушыларыынң бірі, NOMAD GPS директоры Назгүл Тұрсыналина.

Кәсіпкер ханымдар жобасын ұсынды

Umay Boost бағдарламасын ұйымдастырушылар — «Pipl» нетворкинг-бюросы мен «MamaSpace» жеке қоры. Umay Boost жобасы бас демеуші – «Шеврон» компаниясының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Бағдарлама қатысушылары байқау негізінде іріктелді, бұл ретте бастапқы шарт – бизнесіне 3 жылдан асуы және жылдық айналымы 20 млн теңге болуы. Байқауға барлығы 49 өтініш келіп, қазылар олардың қатарынын бизнестің әр саласындағы 16 финалисті таңдады, ол салалар: білім беру қызметі, ІТ-шешімдер, қоғамдық тамақтану қызметтері, сүт өнімдерінің өндірісі, маркетингтік қызметтер, тұрмыстық қызметтер, іс-шараларды ұйымдастыру, заң және кеден қызметтері мен басқалары.

 

Мақпал Ноғайбаева

06 желтоқсан, 14:15
Ұшпаққа шығармайтын ойын
06 желтоқсан, 12:07
Жағдай жасағаннан ұтылмаймыз
06 желтоқсан, 11:55
Әкімдер шаршап жүр екен
29 қараша, 11:56
Білімде сұрақ көп, жауап жоқ
22 қараша, 15:01
Сирия соқпақтары немесе бір фильм-қилы тағдырлар
22 қараша, 11:27
Ілия Жақанов: Менің әнім сендерсіз де айтылып жүр!
19 қараша, 15:12
Айтматов әлемі
18 қараша, 11:52
Әпкемді алдап кетіпті...