jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

XII Астана экономикалық форумы басталды

16 мамыр, 11:30
44

XII Астана экономикалық форумы басталды

Бүгін елордада Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен XII Астана экономикалық форумы басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатқан форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда. Тіркелген делегаттардың жалпы саны 5 492 адамды құрайды. АЭФ-2019 шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан да үлкен қызығушылық тудырды. 30 елден 710-нан астам БАҚ өкілдері қатысуда. Форумға қатысатын шетелдік қонақтардың қатарында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе, Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты сынды танымал тұлғалар бар. АЭФ-2019 теңдесі жоқ болып табылады. 12 жыл ішінде алғаш рет оның қабырғасында екі күн ішінде 50-ден астам сессия мен іс-шаралар өтеді. Форум тарихында алғаш рет студенттер мен жастар іс-шараға тегін қатысуға мүмкіндік алады. Олар үшін арнайы формат — AEF Talks әзірленген. Онда Нобель сыйлығының лауреаттары мен саяси қайраткерлермен ашық дәрістер мен кездесулер қарастырылған. АЭФ-тың басты мақсаты — жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру. 11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегаттар, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаттары және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлері қатысты. Конгресс аясында 20 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 300-ден астам меморандумдар мен келісімдер жасалды.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!