jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Елбасы: Менің бар қызметім сол – қазіргі президентке қолдау көрсету

16 мамыр, 13:15
53

Елбасы: Менің бар қызметім сол – қазіргі президентке қолдау көрсету

Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қашан да қолдау көрсететіндігін айтты.

«Бүгін мен алдарыңызда алғаш рет президент лауазымында сөйлеп тұрған жоқпын. Ел мен халық мүддесі үшін мен күрделі, бірақ маңызды шешім қабылдадым. Осылайша мен биыл өзімнің президенттік өкілеттігімді тапсырдым.

Елімізде алғаш рет билік транзиті жүзеге асырылып отыр. Маған күні бүгінге дейін хабарласып, тілектестік білдіріп жатқан әріптестеріме, әлемнің түрлі саясаткерлеріне зор алғысымды білдіремін», — деді Елбасы.
Назарбаев өз кезегінде қазіргі президентке барынша қолдау көрсететіндігін жеткізді.

«Менің бар қызметім сол – қазіргі президентке қолдау көрсету, басталған жұмысты одан ары жалғастыру», — деді Елбасы.
Айта кетейік, биылғы Астана экономикалық форумына 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткерлер мен бизнесмендер қатысуда.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!