jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

16 мамыр, 16:10
40

Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

Елорда әкімі көпбалалы аналармен кездесіп өткізіп, олардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруде.

Әкім қабылдауына 70-ке жуық ана келді. Оларға көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және баспаналы болуға қатысты әкімдік тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар мен қолдаулар туралы айтылды. Одан бөлек, Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап беріп жатыр. Еске сала кетсек, елорда әкімі бұған дейін де астаналық аз қамтылған және көпбалалы аналармен кездескен болатын. «Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды толғандыратын басты мәселелердің бірі — тұрғын үй. Бүгінде бас қалада 45 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр, оның 20 мыңы аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек мүшесі бар отбасылар. Және 22 мыңы мемлекеттік және бюджет қызметкерлері. Қазіргі уақытта осы тізімдегілердің 188-іне пәтер берілді, жалпы жоспар бойынша биыл 781 пәтер берілуі тиіс, бірақ бұдан бөлек жыл соңына дейін әлеуметтік жағынан осал топқа жататын отбасыларға қосымша қаржыландыру есебінен тағы 1 800-1 900 пәтер беріледі», — деген болатын Бақыт Сұлтанов. Одан бөлек, әкімнің мәлімдеуінше, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-11 сынып оқушылары осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!