jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын Telegram арқылы тексеруге болады

15 мамыр, 15:49
46

Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын Telegram арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға тыйым салынған-салынбағанын Telegram арқылы тексеруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар борышкерлер тізімінде бар-жоғын алдын ала тексергені абзал. «Мұны азаматтар бірнеше тәсіл арқылы тексере алады. Солардың бірі — Telegram қосымшасындағы @EgovKzBot. Бот қызметін таңдағаннан кейін пайдаланушы «Борышкерлер тізілімі және шет елге шығуға тыйым салу бойынша тексеру» сервисіне өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі қажет. Борышкерлер тізімінде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берілген ЖСН бойынша ешқандай деректердің табылмағаны жөнінде хабарлама жібереді. Бот арқылы сапарға бірге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегін тексеруге болады. Керекті ақпарат сұрау жіберілгеннен кейін бірден көрсетіледі» делінген хабарламада. Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған @ЕgovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерді. Бот қызметін пайдалану үшін қазақстандықтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі шарт. Бүгінде ол базаға 6,8 млн адам өз мәліметтерін енгізген. Сонымен қатар, электронды цифрлық қолтаңба иелері egov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеріп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!