jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Жүк көлігі жолға батып қалды (видео)

15 сәуiр, 17:08
46

Жүк көлігі жолға батып қалды (видео)

Қарағанды облысындағы тасжол опырылып, екі жүк көлігі «түсіп кетті». Желіде оқиға кезінде түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Видеоны Ботагөз Омарова есімді қолданушы Facebook желісінде жариялады. Ол болған оқиға туралы айтып жатып эмоциясын жасыра алмады. Видеодан екі жүк көлігінің жолдың опырылған аумағынан шыға алмай қалғаны байқалады. Олардың артында үлкен шұңқыр пайда болған.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айталады!

Осторожно!, ненормативная лексика) Непечатные слова, … но по другом о наших дорогах никак. Это видео мне прислали мои земляки. Трасса: Киевка-Осакаровка. Ушли под землю в прямом смысле этого слова. В январе прошлого года аким области Ерлан Кошанов говорил что на ремонт дорог в Карагандинской области было выделено 39 миллиардов тенге. К чему я это? Просто вспомнилась цифра и цитата главы региона. С добрым утром, страна! Земляки, нуринцы, вы там это – держитесь и покупайте уже вертолеты)

Опубликовано Ботагоз Омаровой Воскресенье, 14 апреля 2019 г.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Қарағанды облыстық әкімдігіндегілер мердігер ұйымның қысқы уақытта жолды жөндеу кезінде қателіктер жібергенін айтты.

«Мердігер «ЖолСтройГрупп» ЖШС жол төсемін тым ылғалдандырып жіберген. Соның салдары осындай жағдайға әкеліп отыр»,- дейді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар әкімдік өкілі биылғы жылдың наурыз айында аталған ұйымға қатысты сот тәртібінде шара қабылданғанын атап өтті. Оған қысқы уақытта жолды жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, келісімшартта көрсетілген міндеттердің тиісті түрде орындалмауы себеп болыпты.

Өз сөзінде әкімдік өкілі қосымша мердігер ұйымды тарту шаралары қабылданғанын айтты.

«Бүгін опырылған жерлерді жөндеу жұмыстары басталды. Көліктердің қозғалысы қауіпсіз әрі кедергісіз болуы қамтамасыз етіледі», — дейді әкімдіктегілер.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!