jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Сайлауға бөлінетін қаржы қысқарды

15 сәуiр, 22:50
33

Сайлауға бөлінетін қаржы қысқарды

Қаржы министрлігі президент сайлауына деп сұралған ақшаның көлемін 9 миллиард 400 миллион теңгеге дейін қысқартып тастады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы саяси науқан үшін 12 миллиард теңгеден астам қаржы сұраған еді. Алайда Қаржы министрлігіндегілер мұны тым көп деген болатын. Бірақ сайлауға жұмсалатын ақшаның көлемі әлі де нақтыланған жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сайлауға делінген 12 миллиардты Қаржы министрлігі жақсылап сүзгіден өткізген. Сөйтіп, науқан шығындарын азайтып, 3 миллиард 300 миллион теңгені үнемдепті.

Сәбилә Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

— Қаржы министрлігінің түзетулерімен толықтай келісеміз. Біз сметалық құжатты небары екі күнде жасадық. Сондықтан қателіктер болған шығар. Қазір президент сайлауына 9 миллиард 400 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.

Бұған дейін айтылғандай ақшаның 77 пайызы, 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің қызметкерлеріне жалақы ретінде, қалғаны дауыс беру орындарын жабдықтап, түрлі плакаттар мен ақпараттық түсіндірме қағаздары мен бюллетендерді басып шығаруға жұмсалмақшы. Әрі шетелдерде орналасатын 65 сайлау учаскесіне бюллетендерді жеткізіп, алып келу үшін Сыртқы істер министрлігіне де қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы, учаскелерде жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытпақшы. Ол үшін 223 миллион теңге қарастырылған. Бәрінен көп Қостанай облысына 42 миллион, Қызылордаға 32, Түркістанға 30, ал Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарына – 27 миллион теңгеден бөлінбекші. Ал, қалған өңірлерге қаржы сәл аздау беріледі. Әкімдіктер де президент сайлауына қызу дайындық үстінде. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында атқамінерлер, полицейлер мен еріктілерге үй-үйді аралатып жүр. Сөйтіп, сайлаушылардың тізімін жасау үшін, санақ жүргізуді бастады.

Азамат Ахметжанов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары:

— Уақытымыз аз өте аз. Сол үшін осы жұмыстарды бастадық. Азаматтардан сұрайтынымыз 23:00-ге дейін бізге мүмкіндік болса, есіктерін ашып, өз мәліметтерін берсе. Ал, егер есіктер ашылмаса, волонтерлар еріктілер бәрін ескереді. Уақытында бәрі қарастырылады.

Сондай-ақ, елордалық атқамінерлер мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлерді тегін жұмыс істетіп немесе «дауыс беруге бар» деп ешкім қысамайды дейді. Бұған дейінгі сайлауларда, ұстаздар мен әкімдік қызметкерлері тіпті, дауыс беругенін дәлелдеу үшін селфи жасауға мәжбүр болғаны есте.Ал, саяси науқанқа нақты қанша ақша бөлінетіні ертең үкіметте нақтыланып, бекітілімек.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!