jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Азаптап өлтіріп, мәйітін көміп тастаған

15 сәуiр, 22:56
888

Азаптап өлтіріп, мәйітін көміп тастаған

Мәйітті таппай тұрып, күдіктілерді қолға түсірді. Атыраулық тәртіп сақшылары мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері асқан қатыгездікпен адам өлтірді деген күдікпен 5 адамды ұстады. Полицейлер тергеу құпиялылығын алға тартып, қасаң ақпарат таратумен ғана шектеліп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қанды оқиға таң ата қала сыртындағы Талқайран ауылының тұсында болыпты. Күдіктілер марқұмды әуелі жабылып ұрып-соғып, кейін өлтірген соң мәйітті көліктің жүксалғышына салып, Жайық жағасына апарып көміп тастаған. Қанды оқиғаға жігіттердің арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған, — дейді ресми ақпарат. Бір қызығы мәйіт табылмастан бұрын күдіктілер қолға түскен. Артынша қайда көмгендерін көрсеткен. Ал бейресми ақпарат жастардың арасындағы жанжалға есірткі себеп болды дегенді айтады. Және олар жәбірленушіні сабағаннан кейін тірідей көміп тастаған-мыс. Қазір осы іске байланысты қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» және «асқан жауыздықпен адам өлтіру» баптары бойынша іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы тергеу абақтысында қамауда және олар жасаған қылмысын мойындап отыр.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!