jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қытайдағы химзауыттың жарылу салдарынан 44 адам қаза болды

22 наурыз, 9:42
226

Қытайдағы химзауыттың жарылу салдарынан 44 адам қаза болды

Наурыздың 21-і күні Қытайдағы ірі химиялық зауыттардың бірінде жарылыс болып, салдарынан қаза тапқандар саны 44 адамға жетіп отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеп.

Оқиға 21-наурызда пестицидтерді өндіруге арналған Tianjiayi Chemical компаниясының зауытында орын алған. Жарылыс орын алған сәттен бастап алты адам қаза тауып, отыз адам жарақатанғаны туралы хабар тараған еді. Бірақ қаза тапқандар саны мен жарақаттанғандары саны өсіп жатыр. Зауыттағы жарылыс салдарынан күшті өрт басталған.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, ауруханаларда 90 зардап шеккен адам бар. Оның 32-сі ауыр жағдайда және 58 адам ауыр жарақат алған. Барлығы 16 жергілікті ауруханадан 640-қа жуық зардап шеккен адам түрлі дәрежедегі жарақатпен жеткізілген.

ТЖМ оқиға орнынан 88 адам құтқарылды. Жарылыстан кейін зауытта қуатты өрт басталды, 900-ден астам өрт сөндіруші отпен күресуде. Алты өрт сөндіруші қаза тапты.

Жығылғанға жұдырық болғандай жарылыс салдарынан жер сілкінісі пайда болғанын сейсмологтар тіркеген. Қытай сейсмикалық агенттігі оқиға орнының жанында 2,2 магнитудасы бар жер асты дүмпулерін тіркеген.

Яньчэн қаласының және жақын маңдағы қалалардың тұрғындары зардап шеккендер үшін қан тапсыруға күні-түні кезекте тұрып, көмек қолын созуда.
Ал зауыттағы жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ.

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!