jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақстанда 1 млн 387 мың азаматтың салықтық берешегі бар

11 ақпан, 17:35
41

Қазақстанда 1 млн 387 мың азаматтың салықтық берешегі бар

Қазақстанда 1 млн 387 мың азаматтың салықтық берешегі бар. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«1 млн 387 мың қазақстандықтың 21 млрд теңге көлемінде салықтық берешегі бар, оның 6,6 млрд теңгесі – өсім. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берешегін өтеген азаматтардың өсімі жойылатын болады», — деді министр.
Оның айтуынша, елімізде жеке тұлғаларға қатысты салықтық рақымшылық жүргізу мақсатында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілетін болады.
Салықтық рақымшылық шеңберінде 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі төленген жағдайда салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады.
«28 мың салық төлеуші 5,9 млрд теңгеден астам берешегін өтеді. Тиісінше, 1 млрд теңге өсім және 0,1 млрд теңге айыппұл есептен шығаруға жатады. Жалпы, салықтық рақымшылыққа 210 млрд теңге борышы бар шамамен 90 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің салық төлеушісі ілігеді. Бұл борыштар төленген кезде Қаржы министрлігі 130 млрд теңге өсімақы мен айыппұлды алып тастайды», — деді қаржы министрі.
Назерке Абибулла

BAQ.KZ
13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!