jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Ақтаудың бас судьясы үй салдырып, жұмысшылардың жарты ақшасын бермей қойған

11 ақпан, 19:26
980

Ақтаудың бас судьясы үй салдырып, жұмысшылардың жарты ақшасын бермей қойған

Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев сот тәртібіне қайшы келетін әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды «Лада».

2019 жылы 7 ақпанда тәртіптік сот алқасының комиссиясының отырысы нәтижесінде Мәлік Кенжалиев қалалық сот төрағасы қызметінен босатылды, судья өкілдігін тоқтату шешімі шығарылды. Портал мәліметінше, комиссия Каспий теңізінің жағалауында коттедж салу кезінде Мәлік Кенжалиев жұмыс бригадасын (Өзбекстан азаматтарын) жалдағанын анықтады. Сол жұмыс үшін ол 3,6 миллион теңге беретін болып уәде берген. Сот төрағасы соманың жартысын 1,8 миллион теңгені төлеп, екі жыл бойы ақшаны қайтармай жүрген. «Бригадир Мәлік Кенжалиевке бірнеше рет телефон арқылы және SMS-хабарлама арқылы қалған соманы қайтаруға өтініш білдірген, бірақ, облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрынғы төраға ақша қайтарудан жалтарып, балағат сөздер айтып, бригадирді түрмеге қамаймын деп қорқытқан», — делінген «Лада» порталының мақаласында. «Судья әдебі кодексінің 1-бабына сәйкес, судья өзінің антына адал болуға, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья сот билігінің беделін төмендетіп, судьяның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген істерден — әрекеттерден аулақ болуға тиіс», — деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері. Маңғыстау облыстық сот төрағасының өкімімен Ақтау қалалық соты төрағасының міндетін Гүлмаржан Әділсұлтани уақытша атқарады.

12 шiлде, 12:49
Жолдағы жүгенсіздік
05 шiлде, 12:16
Алтынбек Қоразбаев: Жақсы әнге жанашыр көп
05 шiлде, 12:12
Әйелді жанды қуыршаққа айналдырады (EXCLUSIVE)
28 маусым, 10:21
КРІ: Мүмкіндігі мол мұнайхимиясы
21 маусым, 13:50
Тау иесін құтқару
18 маусым, 15:12
Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!
14 маусым, 11:44
Шапанды сән үшін кимедім
14 маусым, 11:30
Мақсатымыз - айқын, жолымыз - ашық!