jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Билетті қайтару кезіндегі айыппұл 30 пайызға төмендеді

14 қантар, 12:18
65

Билетті қайтару кезіндегі айыппұл 30 пайызға төмендеді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастады.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарланып отырғандай, билет санаттарының бағаларын саралау үшін 15 қаңтардан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ билетті қайтарғаны үшін жолаушыға 1 мың теңгелік айыппұл салу тәртібінің күшін жояды. Бұл ретте айыппұл тек 3 500 теңгеге дейінгі билеттер бойынша жойылады. Аталмыш шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштер негізінде қолға алынып отыр. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 30 сәуіріндегі №545 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында темір жол көліктерімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдау ережесінің» №255 тармағына сәйкес, құны 3 500 теңгелік билетті қайтару кезінде 1 000 теңгелік комиссиялық төлем алынады. Аталмыш шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қолға алынған. Осыдан барып билеттерді қайтару деңгейі 30 пайызға төмендеген еді», — делінген хабарламада. Компания алдағы уақытта жолаушылардың сұранысын қанағаттандырып, сервисті жақсарту мақсатында осы бағыттағы жұмысты жалғастырмақ.

ҚазАқпарат

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!