jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Тараздық жасөспірімдер тәртіп сақшыларын діңкелетті

10 қантар, 22:23
516

Тараздық жасөспірімдер тәртіп сақшыларын діңкелетті

Таразда жасөспірімдер көрінісі құдды бір «Голливуд» киносынан кем түспейтін «Шоу» жасады. Жеңіл көлік мінген бесеу бір сағат бойы қашып, тәртіп сақшыларын діңкелетті. Дегенмен олар полицейлерден сытылып кете алмай ұсталып тынды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айтылған ақпарат бойынша мына экипаж мүшелері ұрланған көлікке кездейсоқ кезігіп соңына түседі. Қаланы шыр айналып қашқандар құтыла алмасын білді ме, әйтеуір машинаны тастай сала жаяулап жүгіреді. Бірақ одан да түк шықпай, 4 жасөспірім құрықталады. Ал бесіншісі табылмай жатыр. Белгілі болғаны ұрланған жеңіл машина қаладағы №2 емханаға тиесілі. Күдіктілер автотұрақтағы темір тұлпардың терезесін сындырып мініп кеткен. Оны дер кезінде байқаған күзетші құзырлы орынға шұғыл ақпарат беріп үлгерген. Қазір осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал 16-17 жастағы жасөспірімдер үйлеріне жіберілді. Бірақ олар тек айыппұлмен құтылуы мүмкін. Себебі олар машинаны ұрлауға арам ойымыз болмай, тек қызық үшін мінгіміз келді деп ақталған.

 

13 тамыз, 12:13
Құрбандықтың қадірін білген жөн
12 тамыз, 12:11
«Вы такая красивая, совсем на казашку не похожи»
09 тамыз, 17:19
Мекемтас Мырзахметов: Бүгінгінің байында қанағат жоқ
09 тамыз, 17:12
Әркімнің өз мүддесі
09 тамыз, 12:11
Даналық пен даралық
09 тамыз, 11:58
Тілсіз қалған халық бар
08 тамыз, 14:29
Қазақ әйелі: "Байтұрсынов деген атын айтқым келмейді"
07 тамыз, 15:59
Шехведрамде, Грузия!